петиция

МЫ ТРЕБУЕМ СДЕЛАТЬ НОВЫЕ АВТОМОБИЛИ ДОСТУПНЕЕ ДЛЯ ПРОСТЫХ ГРАЖДАН!

Автор петиции: Автолюбители Казахстана | 15 января 2022 г.

Otinish.kz

6676
людей уже подписали

Петиция завершена

Уважаемый Касым-Жомарт Кемелевич!
11 января 2022 года Вы поручили закрыть ТОО «Оператор РОП».
Мы, автолюбители Казахстана, полностью поддерживаем Ваше решение. Передача утильсбора частной компании было преступным по определению!
Стоило Вам об этом сказать – и тут же зашевелились всякие спекулянты и блогеры, которые пытаются выгодно использовать ситуацию. Но им плевать на простых людей.
Мы не хотим политики! Наши требования очень просты!
Во-первых, пересмотреть утильсбор. Это ненормально, что в других странах, даже в соседних, где развивают промышленность, ставки ниже. А мы как обычно платим больше всех!
Во-вторых, новые автомобили должны стать доступнее для простых людей. Люди не от хорошей жизни покупают праворульные «альфарды» в России, Армении и Киргизии. Неужели нельзя сделать льготы для простого народа на новые автомобили, хотя бы для новых молодых и многодетных семей? Сделать большие выплаты за сдачу старой машины?
В-третьих, нужна жесткая национализация «Оператора РОП». Его нужно лишить всех «привилегий». Схема «прокрутки» утильсбора, придуманная под него, должна быть уничтожена. «Оператор РОП» должен ответить за каждый тенге из собранных им миллиардов! Нужно честно показать, сколько «Оператор РОП» забирал себе! А утильсбор должен стать прозрачным. Люди должны видеть, куда идут все деньги.
В-четвертых, новый государственный оператор должен заняться своим прямым делом - Очистить дороги страны от шрота! В регионах полно машин, которые разваливаются на ходу, загрязняют воздух. Как они проходят техосмотр? Им не место на дорогах!
Надеемся, что Вы нас услышите.
С уважением,
автолюбители Казахстана.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
2022 жылдың 11 қаңтарында Сіз «Оператор РОП» ЖШС-н жабуды тапсырдыңыз.
Біз, Қазақстанның қарапайым автомобильшілері, Сіздің шешіміңізді толығымен қолдаймыз. Утильдік алымдарды жеке компанияға өткізу басынан бастап қылмыстық әрекет болғаны мәлім!
Сіз мұны айтқан бетте, жағдайды өз пайдасына асыруға талпынып жатқан сан түрлі алып-сатарлар мен блогерлер белсенділік таныта бастады. Бірақ олар қарапайым халықтын мүддесін көздеп отырған жоқ.
Біз саясатқа араласпаймыз! Қойған талаптарымыз өте қарапайым!
Біріншіден, утильдік алымдардын көлемін қайта қарастыру. Басқа елдерде, тіпті өнеркәсібі дамыған көршілес елдерде де утильдік мөлшерлемелердің төмен болуы дұрыс емес! Ал біз әдеттегідей бәрінен көп төлейміз!
Екіншіден, жаңа көліктер қарапайым халық үшін қолжетімді бола түсуі керек. Адамдар тұрмыс жағдайы төмен болғандықтан, рөлі оң жағында орналасқан «альфардтарды» Ресейде, Арменияда және Қырғызстанда сатып алып жатыр. Жаңа көліктерді алғысы келетін қарапайым халыққа, ең болмағанда жақында отау құрған жас және көпбалалы отбасыларға неге жеңілдік жасамасқа? Ескі көлікті өткізгені үшін қомақты төлемдер жасау мүмкіндігі жоқ па?
Үшіншіден, «Оператор РОП-ты» қатаң түрде мемлекетке қайтару қажет. Оны барлық жеңілдіктерден айыру керек. Ол үшін арнайы ойлап табылған утильдік алымды «айналдыру» схемасы жойылуы керек. «РОП операторы» жинап алған миллиардтарының әрбір теңгесі үшін жауап беруі керек! «РОП Операторының» қанша қаражатты өзіне алғанын бүкпесіз көрсету керек! Ал утильдік алым ашық болуы керек. Халық барлық ақшаның қайда кетіп жатқанынан хабардар болуы керек.
Төртіншіден, жаңа мемлекеттік оператор өзінің тікелей жұмысымен айналысуы керек – ел жолдарын ескірген көліктерден тазарту! Өңірлер қираудың сәл-ақ алдында тұрған, ауаны ластайтын көліктерге толы. Олар техникалық тексеруден қалай өтеді? Мұндай көлік жолдарда жүрмеуі тиіс!
Біздің жанайқайымыз сізге дейін жетеді деген үміттеміз.
Құрметпен,
Қазақстанның қарапайым автомобильшілері.
*

Otinish.kz

6676
людей уже подписали

Петиция завершена
Поделиться